62 жастағы ер адам дүкеннің жанында келе жатқан. Зейнеткер жабық ми жарақатын алды, деп хабарлады ТЖ департаментінен.
Қабанбай батыр көшесінде орналасқан дүкен шатырының қираған алаңы шамамен 230 шаршы метрді құрады. Желдің жылдамдығы 5-6 м/с, екпіні 18 м/с-қа жетті.
Шатыр сынықтары жолда келе жатқан «Шкода-Рапит» көлігін де зақымдады. Абырой болғанда, көліктегі адам зардап шеккен жоқ.