Жарияланды: 930

Семейде «Қазақтелекомның» iD орталығы ашылды

«Қазақтелеком» АҚ Семейде iD Center ашты,делінген компанияның ақпаратында.

Компанияның хабарлауынша, салтанатты шараға «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, Семей әкімі Айбек Кәрімов, байланыс саласының ардагерлері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысты. Ашу салтанатында Қ. Есекеев жаңа iD орталықта Қазақстанның негізгі байланыс операторының барлық қызметтері ұсынылған. «Бұл жобаның басты мақсаты халықтың «Қазақтелеком» АҚ ұсынып отырған жаңа технологиялар, қызметтер мен сервистер туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру болып табылады», - деп атап көрсетті ұлттық клмпанияның басшысы. «Бұл біздің қаламызға қатысты үлкен қамқорлық, ал тұрғындарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Өйткені бүгінгі заманның негізі - ақпарат», - деп мәлім етті Семей Әкімі А. Кәрімов. iD Centеr — заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлеуметтік-танымдық орталығы, бұл жерден әр азамат егжей-тегжей ақпарат пен сарапшылардың кеңесін ала алады. iD Centеr-де интерактивті телевидение (iD TV), жаңа буын желілеріндегі белгіленген телефонияның заманауи түрлері (iD Phone), сымсыз интернет (Wi-Fi), интернетке кең жолақты кіру (Мегалайн) және т.б. қызметтер ұсынылған. Семей қаласы - iD Centеr іске қосылған облыс орталығы болып табылмайтын алғашқы қала. 2010жылы мұндай орталық Өскеменде ашылды. Семей қаласының телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ ШҚ ОТД құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Семей, Курчатов қалаларына, жақын ауылдарға қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні ОТД бойынша телефония абоненттерінің саны 98,5 мыңнан асады, интернетке кең жолақты шығу (Megaline) қызметін 21 мың адам пайдаланады. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның негізгі байланыс операторы. Компанияның басты акционерлері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ - 51%, Bodam B.V. – 16,87%, Deran Services Limited - 9,61%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть