Жарияланды: 590

Семейде "Таңдаулы мама" атты байқау өтуде

Семейде "Дені сау балаларды өсірейік" атты кампания аясында "Таңдаулы мамаларды" сыналтуға бағытталған байқау өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Әлия Хайдарова хабарлады.

Ә.Хайдарованың айтуынша, бұл байқауда ең мықты маманы сыналтумен бірге ең таңдаулы отбасылық дәрігерлік амбулатория да таңдалады. Өйткені, байқауға қатысушы мамалар осы амбулаторияларда іріктелген. Барлығы 19 отбасылық амбулатория өз өкілдерін жолдап отыр. Байқауға 5 жасқа дейін балалары бар аналар қатысуда. Байқау баланы омыраумен қоректендірудің пайдасы және іш ауруының алдын алу деген екі бағытпен жүргізіледі. Байқауға қатысушылар баланы омыраумен қоректендіру жөніндегі біліктілігін ортаға салу, екі тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, тақырыптық көріністер ұйымдастыру, плакат әзірлеу жөнінен сайысқа түседі. Ә.Хайдарованың айтуынша, "Таңдаулы мама" байқауының басты мақсаты - 5 жасқа дейінгі баласы бар аналар арасында медициналық біліктілікті насихаттау болмақ. Халықаралық ЗдравПлюс (ЮСАИД) ұйымы қаржыландырып отырған "Дені сау балаларды өсірейік" атты кампания елімізде бірнеше жыл бойы жүзеге асырылуда. Алайда, Ә.Хайдарованың айтуынша, дәл осындай байқау елімізде биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. "Таңдаулы мама" байқауы 30-қыркүйекте мәреге жетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін