Семейде тірі ескерткіш пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тірі ескерткіш пайда болды

Семейде тірі ескерткіш пайда болды

Қаладағы №1 орта мектептің ұжымы Жеңіс мерекесінің қарсаңында биіктігі 6 метр болатын теректі қоршауға алып, тақта орнатты, деп хабарлады www.24.kz.

  • 5 Мамыр 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

1941 жылы 21 маусымда білім ордасының түлектері мектеппен қоштасу кешінде осы ағашты отырғызған. Жастар емтихандарын ойдағыдай тапсырып, оқу орындарына барамыз деп жиналған. Сол кеште ән айтылды, би биленді. Олар ертеңінде соғыс басталып, майданға аттатанатындарын білген жоқ еді. Міне, содан бері 74 жыл өтсе де терек өткен күннен белгі болып қалды. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге болсын деп арнайы көңіл бөлдік, — дейді ұстаздар қауымы. Алып теректің жуандығы 7 адамның құшағындай.


 «Бұл ағаштың тарихы жөнінде бұрыннан білетін едік. Өзім де осы мектептің түлегімін. Қарт ұстаздар көп әңгімелегенмен, ескерткішке айналдыруды құнттамай жүрдік. Енді міне, Жеңістің 70 жылдығы тұсында осы бір шаруаны жұмыла қолға алдық. Қалалықтар мен шаһар қонақтары көне ағаштың қалай отырғызылғаны жөнінде кең мағлұмат алатын болады», — дейді  Семейдегі № 1 орта мектеп директорының орынбасары Зульфия Бехтольд.