Семейде тойда жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тойда жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Семейде тойда жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Семей қаласында тойда уланған адамдар саны 41–ге жетті.

  • 9 Шiлде 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

"8-шілдеге қарағанда жұқпалы аурулар ауруханасына 41 адам жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі алты бала бар. Бәріне қойылған алдын-ала диагноз "орташа дәрежедегі инфекциялық гастроэнтероколит", делінген облыстық тұтынушылардың құқық қорғау жөніндегі департаментінен таралған баспасөз хабарламасында.

Қалалық ішкі істер басқармасы жаппай науқастану фактісінің тіркелуіне орай қылмыстық іс қозғады.


Алдында хабарланғандай, 4-шілде күні қалалық мейрамханалардың бірінде той кезінде қонақтар жаппай уланған. Олар дұрыс сақталмаған салат жеген болу керек.