Семейде тұрғындар көп сұраймыз деп жалғыз автобустан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғындар көп сұраймыз деп жалғыз автобустан айырылды

Семейде тұрғындар көп сұраймыз деп жалғыз автобустан айырылды

Көп сұраймыз деп, барынан айырылды. Апта басында қалаға қатынайтын жалғыз көліктің аздық ететінін айтып шулаған Семейдегі саяжай тұрғындары енді сол №17 бағыттағы шағын автобустан да қағылды.

  • 23 Қазан 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Гүлзат Қанаева, саяжай тұрғыны:

-Ескерту берген жоқ. Міне, келмей жатыр. Балаларымыздың бәрі алтыншы саяжайға жаяу қатынауда. Әне, енем дайындық бөлімінде оқитын екі баланы алып кетті.

Жұрт жалғыз қоғамдық көлік иесінің саяжайға қатынаудан бас тартқанын таң бозынан аялдаманы бетке алғанда бір-ақ білген. Алдын ала құлаққағыс жасалмағандықтан, балалар сабаққа, үлкендер жұмысқа кешікті. Наразы тұрғындар мәселенің мәнісін анықтамақ болып адам тасымалымен айналысатын мекемеге хабарласып та көрген. Ондағылар бұл әрекетін жолдың нашарлығымен түсіндіріпті. Ал шын мәнінде саяжайдағы тас жолдың жағдайы қала орталығындағы кейбір көшелерден әлдеқайда жақсы. Енді бұл мәселеге прокуратура араласып жатыр.  

Әділет Тортаев, Семей қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

 -Егер, осы жолдың сапасы дұрыс болып шықса жаза қолданамыз. Онда тасымалдаушының өзі көлікті шығармағаны анықталады. Бірден келісім шартты бұзуға тура келеді.