Семейде ұн тарту комбинатындағы жарылыстан зардап шеккендер ауыр халде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ұн тарту комбинатындағы жарылыстан зардап шеккендер ауыр халде жатыр

Семейде ұн тарту комбинатындағы жарылыстан зардап шеккендер ауыр халде жатыр

Дәрігерлердің мәлім етуінше 22 мамырдағы таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша жапа шеккендердің бірінің ғана жай-күйі қанағаттандырарлықтай.

  • 22 Мамыр 2014
  • 679
Фото - Caravan.kz

Тағы үшеуі күйік бөлімінде ауыр халде жатыр, ал тағы бірі жансақтау бөлімінде. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігінен.

Денсаулығы қанағаттандырарлық Юрий Меньшиковтің — «Востокцемент» мердігерлік ұйымының 25 жастағы жұмысшысының беті мен тізе буынын күйік шалған.

Осы бөлімде жатқан 1987 жылы туған оның ағасы Сергейдің жағдайы ауыр, сондай-ақ беті мен тыныс алу жолдары қатты күйіп қалған 32 жастағы Ержан Өтегенов пен бет-жүзін 3-4 дәрежелі күйік шалған Иван Косатый да ауыр халде аталмыш бөлімде.

33 жастағы Қайырғазы Мусинның жағдайы тіпті нашар. Жарылыс кезінде оның денесінің 40 пайызын 2-3 дәрежелі күйік шалған.


Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда жапа шеккендердің бірі, комбинаттың бұрынғы өрт сөндірушісі Еркін Жолдин қаза тапқан еді. Оның беті, кеудесі, аяқ-қолдары термикалық күйікке ұшырап, жамбасы сынған болатын.