Семейде жеңілдікпен және тегін желі бойынша түсетін дәрі-дәрмектер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жеңілдікпен және тегін желі бойынша түсетін дәрі-дәрмектер жоқ

Семейде жеңілдікпен және тегін желі бойынша түсетін дәрі-дәрмектер жоқ

Семей. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жеңілдікпен және тегін желі бойынша түсетін дәрі-дәрмектер жоқ. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Төлеухан Нұрмағамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 674
Фото - Caravan.kz

«Бұндай дәрі- дәрмектердің жоқтығы облыстық денсаулық сақтау департаментінде тендердің уақтылы өткізілмегеніне байланысты. Себебі мемлекеттік сатып алу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», — деп түсіндірді Т. Нұрмағамбетов.

«Өткен жылы балалардың тамағы, тегін дәрі-дәрмектерді сатып алуға 389 млн теңге бөлінген болатын. Биылғы жылы ақша мөлшері белгіленбеді. Тендер кеш өткізілетіндіктен, медициналық препараттар сәуірдің аяғында немесе мамыр айында бірақ түсетін болады. Сондай-ақ, дәрі- дәрмектерге зәру болып отырған ауруларға ақшалай төлемдерді беру қарастырылмаған. Олар медициналық препараттарды өз қаржысына сатып алатын болады «, — деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау өкілі.

Ол атап өткеніндей, қазіргі кезде қалада мемлекеттік медициналық сатып алу қызметі жүйесімен жұмыс істейтін 78 медициналық мекемесі осында жағдайда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті