Семейде жұмысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  жұмысшы қаза тапты

Семейде жұмысшы қаза тапты

Семейдегі кірпіш шығаратын кәсіпорында оқыс оқиға. Жұмысшылардың бірі шикізат өндіретін құрылғының ішіне құлап кетіп, қаза тапты.

  • 31 Мамыр 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz


Алпысты алқымдаған азамат әдеттегідей әкелінген шикізатты өндіру үшін кезекті жұмысына кіріскен. Сол сәтте күл мен балшықты араластыратын құрылғының ішіне абайсызда құлап кеткен. Жұмысшының жанайқайын әріптестері естіп, жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ, денесі бірнеше жерден жаншылғандықтан, көп ұзамай көз жұмған. Мәйітті қондырғының ішінен құтқарушылар алып шықты. Қазір оқыс жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.