Семейде жылу қазандығынан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылу қазандығынан өрт шықты

Семейде жылу қазандығынан өрт шықты

Семейде жылу қазандығынан өрт шығып, бір адам жарақаттанды. 10 мыңға жуық тұрғын жылусыз қалды. Осындай шартты жоспар бойынша бүгін шұғыл әрекет ету қызметтері дайындықтарын пысықтады.

  • 13 Қараша 2014
  • 157
Фото - Caravan.kz


Сценарий бойынша, қазандық қызметкерілері отты ауыздықтай алмай, өрт сөндірушілерді шақырған. Қызыл жалын шыққан жерде бір адам иіс тиіп, естен таңды. Оны шұғыл сыртқа алып шығып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Бұл нысан қаладағы бірнеше аурухана, мектеп, бала бақшаларды жылытып отырғандықтан, мамандар жылу беруді тоқтатпау үшін өртті сөндіріп, қазандық жұмысын қалыпқа келтірді. Бір айтары, стратегиялық маңызы бар нысан болғандықтан оқу-жаттығу кезінде өрт тұтандырмады. Жоқ отпен арпалысқан мамандар ақыры басшылықтан жоғары баға алып тарқасты.