Оның пайымдауынша, «нормативтік актілерді бұзған тұлғаларға келер болсақ, комиссия «жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар — жұмыс жетекшісі, пеш жөндеу шебері Ыбыраев, пеш цехының аға машинисті Мұқажанов, ауысым бастығы Клименко, цех бастығының қызметін атқарушы Ульянов өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған». Осының салдары әлгіндей қайғылы жағдайға алып келді», — деді А. Ордабаев.
Оның айтуынша, тексеру аяқталысымен құжаттар тиісті шаралар қолдану үшін ішкі істер органдарына жолданады.
Сондай-ақ, «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны зардап шегушілердің туған-туыстарына материалдық және қаржылай көмек көрсеткендігін хабарлады. Жерлеу рәсімін өткізудің барлық шығындарын кәсіпорын өз мойынына алған және зардап шегуші К. Майлыбаевты дәрі-дәрмектермен толығымен қамтамасыз еткен. Оған, сонымен қатар, материалдық көмек те көрсетілетін болады» деп хабарлады А. Ордабаев.
Бұрын хабарлағанымыздай, жарылыс 1-ші Жылу электр орталығында 15-қазан күні болған. Ол кезде оқиға орнында 1 адам, одан кейін кейінірек тағы екеуі ауруханада көз жұмған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті