Естеріңізге салсақ, өткен айда Семейдегі ұн мен жем шығаратын комбинатта жарылыс болып, 8 адам жараланған еді. Бір айдан астам уақыт бойы тексеру жүргізген комиссия екі тараптан да ағаттық кеткенін анықтады. Мәселен, комбинаттың жауапты қызметкері бункерде қауіп барын ескермей дәнекерлеу жұмысына рұқсат берген. Мердігер мекеме өкілдері де оны дұрыс тексермеген. Комбинаттың әлгі жауапты қызметкері сол жарылыстан ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды. Комиссияның шығарған қорытындысы енді қозғалған қылмыстық іске қосылмақ.