Семейдің орталық саябағы жекенің қолына өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің орталық саябағы жекенің қолына өтуі мүмкін

Семейдің орталық саябағы жекенің қолына өтуі мүмкін

Семейдің орталық саябағы жекеменшікке өтуі мүмкін. Қала жұртшылығының сүйікті демалыс орны жекешелендіру бағдарламасына ілігіпті. Бұл жәйт шығыстағы шаһар зейнеткерлерінің наразылығын тудырды. Қариялар өзара бас қосатын жер енді ақылы бола ма деп қорқып отыр. Бүгін олар саябақты мемлекет қарамағында қалдыруды талап етті.

  • 13 Маусым 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz

Семейлік зейнеткерлер өздері жиі бас қосатын орталық саябақтың қазіргі жағдайына қарап түңіліп отыр. Жайқалып жайнап тұруы тиіс гүлзарлар бос, отыратын орындықтары да олпы-солпы. Ал тоғай біткенді паналаған қарғалардың саңғырығы саябақты басып кеткен. Құстардың әрекетін соңғы кездері адамдар қайталап жүр.

Марат Мұсатаев, зейнеткер:

-Ойнап отырған жерде дәретхана деген жоқ! Қабырғаның сыртына барып, дәретке отырады!

— Оның иісі осында келе ме?

— Иә! Иісі осында келеді. Оны қарайтын ешкім жоқ!

Ол аздай, жақында қала әкімі бұл саябақтың жекенің қолына өтуі мүмкін екенін жеткізіпті. Мұны естіген қариялардың төбесіне жай түскендей  болған.

Нұрбата Қабылбаев, зейнеткер:

-Ақсақалдарды бәрін тығып жатыр. Автобустарда льгот жасап, алып тастады! Экологическийді бәрі алады, зейнеткерлер алмайды! Енді міне паркке келейік десек, оған ақша төлейміз! Біз қалай өмір сүреміз?

Әдетте саябақта шахмат ойнап отыратын қарттар мұнда жақында салынған мейрамхана қызметкерлерімен дауласып тынды. Зейнеткерлерді сабырға шақырмақ болған кәсіпкер ақыры ақысыз әжетхана салып берем деп құтылды.


Ал парк басшылығы болса, зейнеткерлердің талабын толық қолдаймыз деп отыр. Тіпті әкімдікпен қосылып, оны мемлекет қарамағында қалдыруға тырысамыз дегенді айтты.

Фаузия Назарова, Семейдегі орталық саябақтың басшысы:

-Қазір тиісті орындарға хат жазып, осы саябақтың халыққа керектігі жөнінде дәлелденіп, хаттар жазылған. Сондықтан ол бүгін-ертең сатылады деген сөз жоқ!

Қыспақтан көз ашпадық деген қариялар орталық саябақты оңайлықпен бермеуге бекінген. Қажет болса, жиналып, тіпті Астанаға аттанбақ. Үкіметке үміт артып отырған олар демалыс орнын жекешелендіру бағдарламасы тізімінен алып тастаса екен деп тілейді.