Семейге қалың қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейге қалың қар жауды

Семейге қалың қар жауды

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында сейсенбіде таңертеңнен бастап қалың қар жауып тұр.

  • 20 Мамыр 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Цельсий бойынша алғанда термометр плюс 1 градусты көрсетуде, қар ерімей жатыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.

Семейде жұпаргүл, інжугүл, құлпынай гүлдеуде, жеке меншік учаскілердің иелері отырғызылған көшеттерді қолайсыз ауа райынан қорғаштауға тырысып отыр.

"Әзірге ауа райына қатысты ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Жолдар ашық, оқушылар оқып жатыр", деді ТЖ жөніндегі қалалық басқарманың кезекшісі.


Алдында синоптиктер мамыр айының соңғы декадасында Қазақстанның алты аумағында қар жаууы ықтимал, деп ескерткен болатын.