Семейлік ардагерлер көлікпен көше аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік ардагерлер көлікпен көше аралады

Семейлік ардагерлер көлікпен көше аралады

Семейлік ардагерлер жеңіс нышандары бейнеленген  көліктермен қала көшелерін аралады. Ол үшін белсенділер бірнеше машинаны айналдыра бояп маркасын ажырата алмайтындай етіп өзгерткен.

  • 2 Мамыр 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұл шараны студенттер бастап, өзге тұрғындар да қостап кетті. Баллондағы бояу оңай жуылатындықтан қатысушылар көліктерінің терезесіне дейін безендіріп әлек. Темір тұлпарларға «Жеңіске – 70 жыл», «Т-34» сияқты сөздер жазылды. Ұйымдастырушылар осылайша қалалықтарға тағы бір мәрте үлкен мерекенің жақындап келе жатқанын еске салмақ болдық дейді. Ең алғаш болып сыры кеппеген көліктермен Семей көшелерін соғыс және тыл ардагерлері аралады.