"Сен болмасаң Ақ-Төреш, қайдан болсын!​​": Танымал ақын Төреғалидің әкесіне жыр арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сен болмасаң Ақ-Төреш, қайдан болсын!​​": Танымал ақын Төреғалидің әкесіне жыр арнады

"Сен болмасаң Ақ-Төреш, қайдан болсын!​​": Танымал ақын Төреғалидің әкесіне жыр арнады

Төреғалидің жан досы, айтыскер ақын, хит әндердің сөзін жазған Қайнар Алагөзов досының әкесіне жыр арнап төмендегідей жазба қалдырды.

  • 15 Шiлде 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Қайнар Алагөзов: "Төреәлі Әлиханұлы — досым Төрештің асқар таудай әкесі әрі продюсері. Маған да әкемдей ақылшы, жанашыр адам. Батя да үлкейейін деген бе? Сәлем беріп барсаң қуанып қалады, хабарсыз кетсең өкпелейді. Бір айыбымның алдын алып, өткееееееееен туған күнімен құттықтайын деп едім:

Төке аға — көрген күнің сайран болсын, 
Ұл-қызың жапырағын жайған болсын.
Жаныңда ая көзді анам жүріп, 
Боянып, бой түзейтін айнаң болсын.
Төрешің мен Толқының бақыт тауып, 
Қасында Аян, Құрал, Қайнар болсын.
Бес саусақтай бес қызың алақанда, 
Тәртібіне текті жұрт қайран болсын.
Ұлдарыңа жол көрсет, батаңды бер,
Сен болмасаң Ақ-Төреш, қайдан болсын!".

Мұны оқыған желі оқырмандары "Соңғы қатарын жақсы келтіріпсің", "Талантыңа тәнтімін", "Керемет. Əр сөзің орын-орнына балғамен ұрған шегедей қадалған" деп ақынның өлеңіне жоғары баға беріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар