Жарияланды: 90

«Сен кімсің мені сөгетін?»: Ақбота Керімбекова Гауһарға жиналған ақшаны сұрап, жағасынан алған тыңдарманымен ұрыса кетті

«Сен кімсің мені сөгетін?»: Ақбота Керімбекова Гауһарға жиналған ақшаны сұрап, жағасынан алған тыңдарманымен ұрыса кетті

Әлеуметтік желіге ұлының үйлену тойындағы суретін жүктеген әнші Ақбота Керімбекованың жазбасының астына көпшілік Гауһар жайлы сұрақ қойды. Бұны оқыған өнер иесі тыңдарманындарының біріне «Сен кімсің?» деп ашуға беріліп, әлгі кісінің аузын жабуға тырысты. 

@ma_dina1893 есімді желі қолданушысының «Басында сізді иманды деп ойладық. Бірақ Ақшаны көріп жолдан тайдыңыз ғой деймін» деген пікіріне әнші «Сен кімсің мені сөгетін? Мән-жайды білмей, артық сөйлеме. Ақшаны сотқа жинадық, туыстарына емес» деп жауап берді. 

Дина бұл жауапқа қанағаттанбай «Сізге таң қаламын. Гауһар әпкеге неге бермей жүрсіз ақшаны? Той өткізіп алдыңыз ба сол ақшаға?» деп тағы да пікір қалдырды. Керімбекова болса, артық сөйлемеуін сұрап, жиналған ақшаның өзінде емес екенін жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін әншілердің бірігіп  қаражат жинап, Гауһар Әлімбекованы кепілмен босатып алғанын жазған болатынбыз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть