"Сен қорқақсың" әні үшін 20 мың теңге алдым": Хит әндерге сөз жазған ақын Нұрболат Абдуллинге реніші барын жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сен қорқақсың" әні үшін 20 мың теңге алдым": Хит әндерге сөз жазған ақын Нұрболат Абдуллинге реніші барын жасырмады

"Сен қорқақсың" әні үшін 20 мың теңге алдым": Хит әндерге сөз жазған ақын Нұрболат Абдуллинге реніші барын жасырмады

“Сен қорқақсың”, “Ұлыма тілек”, “Еркекпін мен” әндерінің сөзін жазған ақын Ершат Қайболдин өнер өкілдеріне реніші барын айтты.

  • 14 Маусым
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыскер ақын “Уақыт көрсетеді” арнасына сұхбат беріп, ән әлеміндегі біраз шындықтың бетін ашты. 

“Талай қазақ әншілердің бағын аштым деп ауыз толтырып, кеуде керіп айта аламын. Бірақ бір жаман жерім, қай әнге сөз жазғанымды тез ұмытып қаламын. Көшеден жұрт танып, “мына әннің сөзін сен жазған жоқсың ба?” деп айтқанда ғана есіме түседі. Мақпал Жүнісова орындайтын “Күліп жүр, күлдіріп жүр, күлкі болма” деген ән қазіргі тойдың хиті екен. Tik Tok әлеуметтік желісі шыққалы ескі әндер жаңарып, қайта тіріліп жатыр екен. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы жазылған әндеріме видео түсіріп жүргендерін көрдім. Осы күнге дейін қаншама әншілермен жұмыс істесем де, “гонарарымды дұрыстап бересің” деп келіскен емеспін. Барлық өнер иелерінің алдында арым таза”, – дейді айтыскер ақын. 

Сонымен қатар ең көп гонарар алған сәтінде жылағанын да жасырмады. 

“Нұрболат Абдуллин орындайтын “Сен қорқақсың” әні үшін 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. «Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін» деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым. Адал еңбегімнің ақысын алғым келеді. Ақша табу үшін дәретхана тазалаудан да арланбаймын. Еңбектің еленгенін кім жақсы көрмейді», – деп эфирде көз жасына тоқтата алмады ақын.