Сенат 2003-жылдың 1-қыркүйегінде Жер Кодексі жөніндегі мәселе бойынша "Үкіметтік сағат" өткізуді межелеп отыр - палата төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат 2003-жылдың 1-қыркүйегінде Жер Кодексі жөніндегі мәселе бойынша "Үкіметтік сағат" өткізуді межелеп отыр - палата төрағасы

Сенат 2003-жылдың 1-қыркүйегінде Жер Кодексі жөніндегі мәселе бойынша "Үкіметтік сағат" өткізуді межелеп отыр - палата төрағасы

Сенат 2003-жылдың 1-қыркүйегінде Жер Кодексі жөніндегі мәселе бойынша "Үкіметтік сағат" өткізуді межелеп отыр. Онда ҚР ауылшаруашылық министрінің баяндамасы тыңдалады. Бұл туралы бүгін, 3-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов журналистерге хабарлады.

  • 3 Шiлде 2003
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Сенат депутаттары Жер Кодексі қалай жұмыс істейді, және оған байланысты қандай қосалқы заңдық актілер қабылданды дегенді білгісі келеді»,- деді ол. О.Әбдікәрімовтың пайымдауынша, Жер Кодексінің орындалуына парламент пен атқарушы билік бірдей бақылау қойса, қандай да бір қайшылық болмайды. Алайда осы орайда сенат спикері Жер Кодексінің жобасын жасау және оны қабылдауға сенаттың атсалыса алмауына өкініш білдірді.

«Қандай сатыда заң жобасын кері қайтарып алуға болады және үкіметке сенімсіздік білдіру мәселесі жөніндегі сұрақтармен Үкімет Конституциялық Кеңеске жүгінгенде мен ерекше таңдандым»,- деді О.Әбдікәрімов. Осы орайда ол : «үкіметке сенім білдіру мәселесі бойынша дауыс бергенде депутаттар тек Жер Кодексіне қарсы немесе оны қолдап қана дауыс берген жоқ, бұл жерде субьективтік фактор да өзіндік роль атқарды» ,- деді сенат төрағасы.
Алдағы 5-сессия барысында депутаттар талқысына ұсынылатын айрықша маңызды заңдар қатарында Оралбай Әбдікәрімов «ҚР сайлау туралы» заңын атады. «Бұл — болашақ мәжіліс және президент сайлауларына негіз болатын аса маңызды заң»,- деді ол. Осындай маңызды заңдар ретінде сондай-ақ, бағалы қағаздар және сақтандыру заңдарына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар аталды.
Алайда О.Әбдікәрімов «Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі» заң жобасының алдағы сессияда парламент қарауына берілуі мүмкіндігіне күмән келтірді.

Соңғы жаңалықтар