Сенат 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қарап, оны мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасын сенатта талқылау барысында депутаттар жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды 280 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайту жөнінде 200-ден астам ұсыныс енгізді», — делінген сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжат 2008 -2010 жылдардағы экономикалық дамудың базалық сценариіне негізделген, соған сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімі 9,1% деңгейінде, инфляция деңгейі 6 — 8% дәлізі аралығында болады деп болжанған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылғы бюджет тапшылығы 197,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% , инфляция деңгейі 6-8% дәліз аясында қарастырылған.

2008 жылғы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7% деңгейінде межеленген. Ал кіріс 2 трлн 684,7 млрд теңге болмақ. Салық түсімдері 2 трлн 209 млрд теңге, салық емес түсімдер 43,5 млрд, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер — 8,7 млрд теңге болмақ. Ұлттық қордан даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бөлінетін трансферт 341,4 млрд теңге көлемінде межеленген.

Заң жобасын парламент мәжілісінде талқылау барысында үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 10 515 теңгеге дейін көтеруне шешім қабылдады. Бұл тиісінше базалық әлеуметтік төлемдерге жоспарланған қаржыны 8,7 млрд теңгеге арттыруды қадет етеді. Үкімет сондай-ақ, 2008 жылға арналған бюджет жобасында қарастырылған бағдарламалар аясында бюджет көрсетуіштерін өзгертпей-ақ 200 млрд астам теңгені қайта бөлуге дайын екенін мәлімдеген.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың берген түсініктемесіне сәйкес, «әлеуметтік мәселелерді шешуге 27 млрд теңге, ал президенттің тапсырмасын орындау үшін 205 млрд теңге бөлу қарастырылған».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті