Жарияланды: 500

Сенат аппаратының қызметкерлеріне мерейтойлық медаль табыс етілді

Сенат аппаратының қызметкерлеріне мерейтойлық медаль табыс етілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған Сенат аппаратының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

«Елбасы өз сөзінде Конституцияны қатаң басшылыққа алу мемлекеттің табысты дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстанның әлем мемлекеттерімен терезесі тең түсіп, елеулі жетістіктерге жетуі Ата заңымыздың өміршеңдігін дәлелдеп отыр», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

«Қазақстан мемлекеттігінің заңдық негізіне айналған Конституция қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып табылады», - деді Төраға.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін