Сенат ауылшаруашылығын қолдау жобасының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен грант бөлу туралы келісімді бекітті
Бүгін, 20-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы "Ауылшаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары үшін грант бөлу туралы хат-келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. |
Келісімге сәйкес, Халықаралық қайта құру және даму банкі ауылшаруашылығын қолдау жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға Жапония үкіметінің атынан 680 мың доллар көлемінде грант бөледі. 2004-жылғы республикалық бюджеттен бұл грантқа қосымша 6 млн. 249 мың теңге бөлу қарастырылған.
Келісім бойынша жобаны жүзеге асыру барысындағы сатып алу жұмыстары Әлемдік банк процедураларына сәйкес өткізілуі тиіс.
Келісімді бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін