«Регламент нормасын парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем түспейтін құрамдағы сенат депутаттарының Конституциялық кеңеске шағымдана алу құқығымен толықтыру ұсынылған», — деді отырыста сенаттың осы мәселе жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев.
Оның айтуынша, «бұл түзетулер регламентті Конституциядағы жаңа ережелермен толық сәйкестендіру үшін енгізіліп отыр».
Е. Жұмабаевтың айтуынша, түзетулермен жұмыс істеу барысында 100-ден астам ұсыныс енгізілген, соның ішіенн жұмыс тобы қорытынды салыстырма кестеге 48 ұсынысты енгізді.
Регламентке енгізілген түзетулерді бір дауыстан қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті