Сенат депутаттары көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын өсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттары көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын өсірді

Сенат депутаттары көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын өсірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде 8-ден 15-ке дейінгі балалары бар 2 451 отбасы бар.

Бұл туралы Ktk.kz-ке сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

  • 30 Сәуiр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Сенат сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшерін нақтылап бекітті. Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу" туралы заң жобасы қаралды. Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында әзірленді.

Заң жобасы сегіз және одан көп баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшерін арттыруды көздейді.  Осы жылдың 1 қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді. 

4 балаға – 42 496 теңге; 

5 балаға – 53 127 теңге; 

6 балаға – 63 757 теңге; 

7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Осыдан кейін сегіз және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналар үкіметке  неге жеті баламен шектелгенін айтып, шағымдана бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттармен бұл мәселені талқылап, заңға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.

"Көпбалалы отбасындағы балалардың жәрдемақы алу құқықтарына нұқсан келтіруді болғызбау мақсатында заң жобасында сегіз және одан көп балаларға арналған жәрдемақының мөлшерін 4 айлық есептік көрсеткіштен немесе әрбір кейінгі балаға 10 мың теңгеден астам белгілеу ұсынылып отыр. Осылайша 8 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 84 832 теңге, 9 балаға 95 436 теңге, 10 балаға 106 000 теңге және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-ті (11 112 теңге) құрайды", — деді мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина сенат отырысында.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде 8-ден 15-ке дейінгі балалары бар 2 451 отбасы бар

 

Соңғы жаңалықтар