Сенат депутаттығынан үміткерлердің саны 36-ға дейін азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығынан үміткерлердің саны  36-ға дейін азайды

Сенат депутаттығынан үміткерлердің саны 36-ға дейін азайды

Сенат депутаттығынан үміткерлердің саны 36-ға дейін азайды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтындағы мәліметтерде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында атап көрсетілгеніндей, жалпы алғанда сенат депутаттығынан үміткер ретінде 78 адамның аты ұсынылып, 36 адам тіркелді. 14 адамды тіркеуден бас тартылса, 28 адам өз кандидатурасын кері қайтарып алған, соның ішінде 11 адам тіркеуден кейін бас тартты.

Қазіргі сенат депутаттарынан 11 адам үміткер ретінде тіркелді. «Отан» партиясының атынан 21 үміткер, «Асар» партиясының атынан 2, Қазақстанның Азаматтық партиясынан 1 үміткер тіркелген.
1999-жылдың 17-қыркүйегінде сайланған 16 сенатордың өкілеттілік мерзімі биыл аяқталады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттарының сайлауы 19-тамызға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар