Сенат депутаты Қазақстандағы босандыру жүйесін өңірлерге бөлуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаты Қазақстандағы босандыру жүйесін өңірлерге бөлуді ұсынады

Сенат депутаты Қазақстандағы босандыру жүйесін өңірлерге бөлуді ұсынады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Серік Аяғанов Қазақстандағы босандыру жүйесін өңірлерге бөлуді ұсынады. Бұл туралы ол бүгін "Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы" парламенттік тыңдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Жүктілік пен босану қауіпсіздігі стратегиясының аясында өңірлердегі перинаталдық көмекті жақсарту қажет. Осыған байланысты отбасының ролі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әріптестік босанулар әдісін қолданудың маңызы зор, соған байланысты босандыру жүйесін өңірлерге бөлу қажет», — деді С. Аяғанов.

«Өңірлерге бөлудің мәні — науқастың тәуекелдерін ескере отырып көмек көрсетуге саяды. Біз қандай перзентханалар күрделі жағдайлар көмек көрсететінін анықтап, соған сай оларды мейлінше күрделі жабдықтармен жабдықтау және мейлінше жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуіміз қажет», -деді ол.

«Егер босанатын әйелдің денсаулығы жақсы болса және оның жүктілігі қалыпты жағдайда өтіп жатса, онда ол тұрғылықты жеріндегі мекемеде босануға тиіс. Онда осындай перзентханаларды қымбат әрі күрделі жабдықпен жабдықтаудың қажеті жоқ, өйткені, олар онда пайдаланылмай тұрып қалады», — деді сенатор.

Оның айтуынша, мұндай жүйе құрылған жағдайда «жоғары кәсіби деңгейдегі көмеккке барлығы да қол жеткізе алуы үшін арнаулы мамандандырылған босандыру мекемелері әрбір облыстың барлық аумағы бойынша тең тарала орналастырылуға тиіс». «Ал әйел арнаулы мамандандырылған мекемеде ме, әлде, жай перзентханада босана ма деген тұрғыда шешім қабылдау — учаскелік дәрігердің міндеті», -дейді депутат. Мұндай босандыру жүйесіне көшудің міндетті шарты — «әйелдерді дер кезінде есепке алып, жүктіліктің барысын дәрігердің тұрақты бақылауға алуы» болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті