Жарияланды: 460

Сенат қауіпті әскери әрекеттерге жол бермеу туралы ҚР мен ҚХР арасындағы келісімді бекітті

Бүгін, 20-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар қауіпті әскери әрекеттерге жол бермеу туралы ҚР мен ҚХР арасындағы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Палата отырысында сөз сөйлеген ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың түсініктемесіне жүгінсек, бұл келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік байланысты дамытуға, екі әлдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады. Келісімнің 3-бабына сәйкес, екі елдің Қарулы күштері қызметкерлері қауіпті әскери әрекеттің кейбір түрлеріне жол бермеуге бағытталған шараларды жүзеге асыруы тиіс. Мәселен, бір мемлекеттің Қарулы күштерінің әскери құрамы мен техникасы түрлі күтпеген оқиғаларға немесе басқа да әдейі емес себептермен екінші мемлекеттің аумағына енуіне жол берілмейді. Тағы бір қауіпті әрекет түрі - бір мемлекеттің лазер сәулесін қолдануы салдарынан екінші мемлекеттің қарулы күштері құрамына, қарапайым азаматтарына, техникалары мен түрлі нысандарына зардап шектіру. Үшінші бір түрі - бір мемлекеттің Қарулы күштері құрамы, қарапайым азаматтары, техникалары мен түрлі нысандарына екінші мемлекет тарапынан нұқсан келтіру. Төртінші түрі - басқару желілеріне нұқсан келтіру арқылы екінші мемлекеттің Қарулы күштері құрамы, қарапайым азаматтары, техникалары мен түрлі нысандарына зардап шектіру болмақ. Бұл келісімге 2002-жылдың 23-желтоқсанында Пекинде қол қойылған. Келісімді бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін