Жарияланды: 760

Сенат "Қазақстан Республикасының Су, Қылмыстық кодекстеріне бөгеттердің қауіпсіздігі және жерді мелиорациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Су және Қылмыстық кодекстерге бөгендердің қауіпсіздігі және жерлерді суару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреттерін айқындау мақсатында әзірленген болатын. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, бұл заң жобасы су жөніндегі заңнаманы жетілдіру, бөгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жер мелирациясы мәселелері бойынша құқықтық ақтаңдақтарды жою мақсатында жасалған. Сонымен бірге, заң жобасын жасаудағы тағы бір мақсат - су қамтамасыздығы және суды бұру саласындағы құқықтық қатынастарды анықтау, сондай-ақ, осы саладағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін анықтау болмақ. Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, заң жобасын талқылау барысында мәжілістің бас комитеті мен жұмыс тобы Қылмыстық кодекске түзету енгізу орынсыз деп тапты. Өйткені, ҚР Қылмыстық кодексінде бар 281-ші баптың нормасы заң жобасында қарастырылған әрекет үшін жүктелетін жазаны толық айқындап берген. "Нәтижесінде жұмыс тобы екі заң жобасын "ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы деген бір атаумен біріктіруге шешім қабылдады. Бұл орайда негіз ретінде "Су және Қылмыстық кодекстерге бөгендердің қауіпсіздігі және жерлерді суару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы алынды", -делінген құжатта. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін