Сенат сайлауын қадағалауға 288 халықаралық байқаушы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сайлауын қадағалауға 288 халықаралық байқаушы келді

Сенат сайлауын қадағалауға 288 халықаралық байқаушы келді

Елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мәслихат депутаттары таңғы 9-дан бастап дауыс беруге жиналды.

  • 28 Маусым 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

Отырыстарға облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 3 мың 293 мәслихат депутаты қатысып жатыр, деп хабарлады 24.кз. Айта кетейік, биылғы сайлауда дауыс берудің электронды жүйесі алғаш рет қолданылып отыр. Соның арқасында сайлаушылар туралы ақпар мен дауыс берудің алдын ала нәтижелерін онлайн түрінде орталық сайлау комииссиясының сайтынан көруге болады. Кандидаттарды тіркеу маусымның 7-сіне дейін жүргізілді, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары маусымның 8-інен 26-сына дейінгі аралықта өтті. Оған республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінді. Жалпы Сенатта ұзын саны 47 депутаттық орын бар. Олардың 15-ін Президент тағайындаса, қалғанын халық сайлаған мәслихат депутаттары іріктейді. Ал бүгін 2011 жылдан бері қызмет атқарған 16 сенатордың мандаты енді кімге бұйыратыны анықталады.

– 288 халықаралық байқаушы кірісіп, қарап жатыр. Өзінің байқау жұмыстарын өткізіп жатыр. Ең көбі Астанада. 73 адам. Талдықорған жақта 14 адам. Қарағанды, Көкшетау, Алматыда 12 адамнан, ал басқа өңірлерде 4-5 адамнан. 288 адамды көп деуге болады. Дегенмен көп деп санамаймыз. Өйткені мында көбінесе әрбір ұйымның, әрбір мемлекеттің делегация басшылары бар. Олар осында болуы тиіс, деді ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев.


Соңғы жаңалықтар