Сенат Төрағасы Н.Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Төрағасы Н.Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті

Сенат Төрағасы Н.Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы Палатасының бұрынғы депутаты Нұрлан Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті. 

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 472
Фото - Caravan.kz

Сенатордың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тоқтатылған болатын.

Н.Оразалин Мемлекет басшысының Стратегиясы мен реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін марапатталды.

Қ.Тоқаев бұрынғы сенатордың кәсіби біліктілігі мен принципшілдігін атап өтті және заң жобалары бойынша белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтты. Палата басшысы Н.Оразалинге Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы лауазымында табысты қызмет етуіне тілектестігін білдірді.

Кездесуге қатысқан Сенат Бюросының мүшелері де әріптесіне, бесінші және алтыншы шақырылымдағы Парламенттің депутатына ризашылық білдірді. 


Соңғы жаңалықтар