Сенатор дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Сенатор дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу қажет. Сенатор Бибігүл Жексенбай сенат отырысында медицина қызметкерлерінің проблемаларын ашып айтты.

  • 21 Қыркүйек 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің 40%-ында баспана жоқ.

“Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша әскери қызметшілер және басқа әлеуметтік жағынан әлсіз топтар өкілдері баспана ала алады. Бірақ медицина қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген бірде-бір қолжетімді бағдарлама жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұрғын үй бағдарламасын немесе жеңілдетілген несие беру туралы бағдарлама қабылдау мәселесін қарастыруыңызды сұраймын”, — деді сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Бибігүл Жексенбай медицина қызметкерлері үшін демалыс күндерін ұлғайту мәселесінде көтерді. Емхананың медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің жалпы саны еңбек жағдайына байланысты күнтізбе бойынша 36-дан 42 күнге дейін болады.


"Педагогтың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, педагогтарға жыл сайын ұзақтығы 56 күнтізбелік күнге ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Осының негізінде медицина қызметкерлері үшін еңбек жағдайларына байланысты кемінде күнтізбелік 40 күн және одан да көп күндерді құрайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы күндерінің санын көбейту мәселесін қарауды сұрайды", — деді Бибігүл Жексенбай.

Соңғы жаңалықтар