«Еліміздің жоғары өкілді органында өз сайлаушыларының мүдделерін көтеретін сенаторлар жоғарғы палатаның заң шығару қызметі, жоғары заң шығару билігі мен жергілікті атқарушы және өкілді органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бастамаларды ілгерілету туралы хабардар етеді»,- делінген хабарламада.
Бұдан бұрын парламент сенатында жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес пен «Өңір» депутаттық тобы құрылған болатын.
Олардың қызметі аясында көшпелі отырыстар өткізіліп, барлық деңгейдегі жергілікті өкілді билік қызметкерлерімен кездесулер болды, онда мемлекеттік басқару, өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы және аймақтардың дамуы туралы заңнамаларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жоғары заң шығару органы мен өкілді биліктің төменгі буыны арасындағы ашық та сындарлы үнқатысу мәслихаттардың нақты жағдайдағы құқығы мен өкілеттіктерін кеңейту тұрғысындағы алда тұрған міндеттерді терең түсінуді ғана емес, ел аймақтарын одан әрі өркендететін мемлекеттік стратегияға жауап беретін заңнамалық бастамаларға қолдау білдіруді де қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті