Жарияланды: 370

Сенаттың шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жаңа мүшелер тағайындалды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және парламент Сенатының шет мемлекеттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы» Сенаттың 2012 жылғы қаңтардағы қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған орай, бұған дейін сенатор болған Берік Имашев Солтүстік Атлант Альянсы Ұйымы (НАТО) Парламенттік Ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының құрамынан шығарылды. Бұдан бөлек, Төлеген Мұхамеджанов та өзі сенатор қызметінде құрамында болған парламенттік топтан шығарылды. Ал Елбасы Жарлығымен сенатор болып тағайындалған Владимир Бобров «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» Парламенттік бірлестігіне және Австрия Федералдық жиналысымен, Сингапур парламентімен, Украина Жоғарғы Радасымен ынтымақтастық топтарына, ал Серік Нөгербеков «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» Парламенттік бірлестігіне және Израиль Мемлекеті Кнессетімен, АҚШ Конгресімен, Үндістан парламентінің Раджья Сабхасымен ынтымақтастық топтарына жіберілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін