"Сенбі және жексенбі күндері Таулы Қарабақтан нағыз қиян-кескі шайқас көреміз": Саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сенбі және жексенбі күндері Таулы Қарабақтан нағыз қиян-кескі шайқас көреміз": Саясаттанушы

"Сенбі және жексенбі күндері Таулы Қарабақтан нағыз қиян-кескі шайқас көреміз": Саясаттанушы

Жас саясаттанушы Асхат Қасенғали алдағы демалыс күндері Таулы Қарабақта қияны-кескі шайқас болуы мүмкін деп болжады.Ресей БАҚ-ның басшылары Таулы Қарабақтың Шуша мен Ханкент аймағынан өз тілшілеріне дереу кетуге тапсырма беруі де жайдан-жай емес дейді саясаттанушы.

  • 6 Қараша 2020
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Ал оның себебі Әзірбайжанда келесі апта "Мемлекеттік Ту" күні екен.Қысқасы болжам мынадай:

"Сенбі және жексенбі күндері біз нағыз қиян-кескі шайқасты көреміз деп ойлаймын. Неге? Себебі 9-қараша Әзірбайжанда Ту күні. Иә, арнайы туды құрметтейтін күн. "Рәміздер күні" деген сияқты мереке. Алдында Борат-2-ге қарсы ту қаптап кетті ғой, тура сол сияқты ту көп болады. Бірақ жыл сайын және шынайы түрде. Ол күні үй терезелеріне, көліктер мен қайықтарға, ғимараттарға тулар қойылып, азаматтар беттеріне тудың суретін салады. Биыл "Ту күні" дүйсенбіге түсіп тұр. Демек бұл күнге ең үлкен сыйлық, бір қаланы алып, сонда Әзірбайжанның туын тігу болмақ. Халыққа нағыз тарту сол болады. Шушаны алып, дүйсенбіде Шушада Әзірбайжан туы тұрса, халықтың қандай эмоцияда боларын ойлаңызшы. Көтеріңкі көңіл-күйін айтып жеткізу қиын болатын шығар.

Бұл сарбаздарға да қажет. Бір рухтанып қалар еді.

Соғыста халықтың рухын көтеріп тұру маңызды ғой. Өте маңызды. Өйткені халық соғысқа өз ұлдарын беріп — жасақ етеді, ал азық-түлік, киіммен қамтамасыз етіп, барынша жарақтандырады. Міне, сол халықтың көңіл-күйін көтеру, оны асқақтатып тұру қажет. Олда соғыстың бір тактикасы. Сол себепті дәп қазір қолбасшылар қалайда бір маңызды қаланы, биіктікті, елді-мекенді алып, туды мереке қарсаңында тігуді ойластырып жатқан болар.


Әзербайжан әскері Шуша маңында шайқасып жатыр. Арасында қалаға 30-40 адамнан тұратын барлау тобы жақын келіп, ұрыс салуда. Осал тұсын анықтап жатыр. Бірнеше бағытта алға жылжу байқалды бүгін. Басқыншылар әдеттегідей "тактикалық шегініс" жасапты) Ресей БАҚ басшылары Шуша мен Ханкентіден дереу арада тілшілеріне кетуге тапсырма беруі де жайдан-жай емес. Қаланы алып, туды тігіп, дүйсенбіде әзербайжан халқын бір рухтандырып тастаса деп тілеймін!", деп жазды Асхат Қасенғали.

Соңғы жаңалықтар