Жарияланды: 2000

"Сендер үшін ұялып жүрмін": Қазақстандағы орыс Дума депутаттарына қарсы пікір айтты

"Сендер үшін ұялып жүрмін": Қазақстандағы орыс Дума депутаттарына қарсы пікір айтты

Егер этникалық мәселе туындаса өзіміз шешеміз, деп жазды ол. 

Өскемен тұрғыны Игорь Шацкий өзінің Facebook парақшасында жуырда ресейлік саясаткерлер жасаған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Достар, барлығыңыз Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемесін тыңдадыңыздар. Шынымды айтсам, Мәскеуде отырып бір адам аузына келгенін айта салды, бірақ бұл маған, Шығыс Қазақстанның тұрғынын ыңғайсыз күйге түсірді. Осыған байланысты мен Никоновқа, Федоров пен Жириновскийге және олардың ізбасарларына айтарым, біз Қазақстандағы орыстар сіздерден және ақылға қонымсыз амбицияларыңыздан ұяламыз. Мен отандастарыммен кездескен сайын олар сұрамаса да, сіздер үшін кешірім сұрауға тура келеді. Бізді жайына қалдырыңыз, Қазақстанда бәрі жақсы. Егер этникалық тұрғыда мәселе туындаса, біз оларды өзіміз шешеміз. Шешуді үйрендік! Қазақстанда сияқты қонақжай елде бейбіт өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің жас буыны өсіп, дамып келеді. Оларға кімнің қай ұлттан екендігі маңызды емес. Сондықтан, мен бұл депутаттарға және оларды қолдаушыларға өз елінің проблемаларын шешуге кеңес берер едім.

Маған жекелеген адамдардың осындай ауыр сөздерін қабылдау ауыр тиеді, бірақ шын мәнінде біреудің жеке пікірлеріне мән бермеу керек. Қазақстандағы орыс азаматтары, сөзсіз, елдегңұлтаралық бірлік пен келісімді жоғары бағалайды. Менің өте жақын қазақ достарым бар, мен оларды жоғалтудан қорқамын, өйткені мен бұл қатынастарды жоғары бағалаймын", деді ол әлеуметтік желіде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін