«Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияны 17 жылдан кейін айтып, кек қайтармақшы(ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияны 17 жылдан кейін айтып, кек қайтармақшы(ВИДЕО)

«Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияны 17 жылдан кейін айтып, кек қайтармақшы(ВИДЕО)

 

  • 3 Наурыз 2022
  • 671
Фото - Caravan.kz

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды.

«Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған келісесің» деді. Мен келіспеймін десем, олар «асханада ұшып жүрген шыбыннан гөрі сені өлтіру оңай, сен бізге проблема емессің» деді. «Сенің балаларың әлі кішкентай, оларды ертең кім асырайды?» деп айтты. Сосын олар ойлануға бір күн мұрсат берді. Бір күннен кейін бөлімшеге барып, құжаттарына келісемін деп қол қойдым», – деді Қайрат Нұрқаділов.

Осылайша, ол 17 жылдан кейін прокуратураға істі қайта қарау жөнінде арыз жазған.


 

Соңғы жаңалықтар