Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусым күні, сағат 12.45-те Мыңбаев көшесінде орналасқан Жерұйық ықшамауданында жеке үйдің ауласында 3 метр тереңдікте орналасқан септикті тазалау кезінде 26, 40, 50 және 57 жастағы төрт ер адам уланған.
«26 жастағы ер азамат ауруханаға жетпей, жедел жәрдем қызметінің кереуетінде көз жұмды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.