Серік Ахметов тағы 30 күн үйқамақта отыратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов тағы 30 күн үйқамақта отыратын болды

Серік Ахметов тағы 30 күн үйқамақта отыратын болды

Экс-премьер Серік Ахметовтың үйқамақта отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Онымен қоса, Қарағанды облысы және қаласының бұрынғы әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұловтар да тергеу абақтысында қала береді.

  • 16 Мамыр 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

Экс-премьер өзіне тағылған айыптау қортындылары бар 150 томды әлі парақтап бітпеген. Жалпы мемлекет қаржысын талан-таражға салып, аса ірі көлемде пара алды деген сияқты 6 бірдей баппен тергеліп жатқан 21 адамның 5-еуі ғана қамауда отыр. Тергеудегі Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов та алдағы айын абақтыда өткізеді. Ал Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев тергеу қортындысымен танысып болған екен. Бірақ ол да сыбайластарымен бірге темір торда қала берсін деп шешті сот. Әбдішевтың адвокаты болса, тағылған айыптардың көбі күн өткен сайын жоққа шығып жатқанын айтады.

Серік Алпысов, Б.Әбдішевтің адвокаты:

-Алғашқыда көрсетілген шығын көлемі 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде көрсетілген. Тергеп-тергеп келгенде, жекелеген кәсіпорындарға, жекелеген кәсіпкерлерге 7 миллион 600 мың теңге зиян келді деген уәж айтылып отыр. Бірақ біз мұнымен де келіспейміз