Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Ауыр сыбайлас жемқорлық  қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі

  • 15 Мамыр 2015
  • 327
Фото - Caravan.kz

тағы бір айға, яғни 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылыды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі сот отырысынан.

«Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңіне байланысты С. Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылсын», — деген қаулыны Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының тергеу судьясы Еркеш Мәукен жария етті.

Еске сала кетейік, ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталған  С. Ахметовке қатысты сот 3 айға — 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, кейін  үйқамақ шарасы 18 сәуірге дейін, одан соң ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін ұзартылды.

Бұдан бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне сілтеме жасап хабарланғандай,  Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК АҚ, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішевке, М.Смағұловқа, А.Эссеге, Г.Рахымжановқа және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері тергелуде. Тергеудегі істер барысында С. Ахметов те ұсталып, одан әрі оған айып тағылды.

С.Ахметов 2009 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қарашасына дейін Қарағанды облысының әкімі болды. Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі, ал 2014 жылдың 3 сәуірінен 22 қазанға дейін ҚР Қорғаныс министрі лауазымында жұмыс жасады.