Серік Күдебаев ұсталды - Бас прокурор - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Күдебаев ұсталды - Бас прокурор

Серік Күдебаев ұсталды - Бас прокурор

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталғанын растады. 

  • 27 Сәуiр 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Түркияда ұсталған, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

«Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл рас па?» деген сауалға Берік Асылов «иә» деп жауап берді.

«Оны қай қалаға алып келді», деген журналистер сауалына, Бас прокурор «оны қазір нақты айта алмаймын», деп жауап берді.
Бас прокурор қашқынды  Түркиядан алып келгенін растады. 

Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаменті бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жариялады. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашып кеткен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді. Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.


Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. Кейбір БАҚ Алматы полициясы экс-басшысының елден қашып кеткені туралы хабарлады. Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.