«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшинның айтуынша, 2010 жылдан бастап «Даму» қоры 2,8 трлн теңгеге 16,3 мыңнан астам жобаны субсидиялаған. Өткен жылы ол жалпы сомасы 154 млрд теңге болатын 2 402 жобаға қолдау жасады.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын кәсіпорындардың тізімінде «ҮMIT» Томотерапия және ядролық медицина ауруханасы бар. Бизнесті мемлекеттік қолдауының арқасында Нұр-Сұлтан қаласында радиотерапия және ядролық медицинасының емдеу-диагностикалық ауруханасы кешенін салуға қол жеткізді.
Холдингтің мәліметіне қарағанда, бұл Қазақстан мен Орта Азиядағы бірегей кешен. Мұнда онкологиялық науқастарды TomoTherapy HD жабдығын қолдана отырып, жаңа заманауи томотерапия әдісі (сәулелік терапияның жаңа әдісі) бойынша емдейді. Осы әдісті қолдану арқылы, тіпті радиоактивті сәуле қондырғылар немесе хирургиялық жолмен жою қиын болған кез-келген қатерлі ісік ауруын емдеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Құрылысты аяқтау үшін компания басшылығы екінші деңгейлі банктен жылдық пайызы 13,5% болатын қаржы тартты, оның 40% -ын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайды, ал айырмашылықты кәсіпкер төлейді. Несие мерзімі — бес жыл.
Субсидияланған жобалардың ең көбі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын 4 444 жоба. Ал көлік және сақтау саласында жалпы сомасы 413 млрд. теңгеге 3229 жоба субсидяланды. Одан кейінгі орында көтерме және бөлшек сауда саласы тұр. Аталған салада 286 млрд. теңгеге 2293 жоба, ал ауылшаруашылығы бойынша — 144 млрд. теңгеге 1220 жоба қаржыландырылды.
«Аймақтар бойынша Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда », — деп атап өтті Рустам Қарағойшин.
Мемлекеттік қолдаудың тағы бір кең таралған шарасы — «Даму» қорының кепілдемесі болып табылады. Яғни, кепілі жоқ кәсіпкер өз ісін ашу немесе кеңейту үшін несие алған кезде кезде беріледі. 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жалпы несие сомасы 306 миллиард теңге болатын 7188 жобаға кепілдемелер берілді. Кепілдіктер сомасы 117 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, 2019 жылы 74 млрд теңге несие бойынша 1726 жобаға қолдау көрсетілді, кепілдіктер сомасы 27 млрд теңгені құрады. Осындай кәсіпорындардың бірі – шындан мозаика өндіруші отандық «Гидрострой Шымкент Групп» компаниясы.
Жабдықтар сатып алу және айналым капиталын толықтыру үшін кәсіпорын «Даму» қорына жеңілдетілген несие алу мақсатында жүгінді, ал екінші деңгейлі банк жобаны қарастырып, 14,25% бойынша қаржыландыруды мақұлдады, оның 7,13% «Даму» қоры субсидиялайды. Қор кепілдің жетпейтін бөлігіне өзінің кепілдігін берді.
— Біздің алдымызда кәсіпкерлер санын арттыру міндеті тұр. Егер қазір шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесі 30,8% болса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 35% дейін өсуі керек. Біз бес жыл ішінде осындай ауқымды өсуді күтеміз, сондықтан мен біздің кәсіпкерлерді өз бизнестерін ашу немесе дамыту үшін үкіметтің қолдауына жүгінуден қорықпауға шақырамын », — деп қорытындылады спикер.
