Шайбалы хоккейден «Қазақстан президенті кубогы» үшін халықаралық турнир тамыз айында Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккейден «Қазақстан президенті кубогы» үшін халықаралық турнир тамыз айында Астанада өтеді

Шайбалы хоккейден «Қазақстан президенті кубогы» үшін халықаралық турнир тамыз айында Астанада өтеді

Шайбалы хоккейден «Қазақстан Президенті Кубогы» үшін халықаралық турнир 9-14 тамызда Астанада өтеді, деп хабарлады ҚХФ баспасөз қызметі.

  • 8 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл жарыстарда біздің еліміздің намысын астаналық «Барыс» пен өскемендік «Қазцинк-Торпедо» қорғайды. Сонымен қатар «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынына ҚХЛ ашық чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Югра» ХК (Ханты-Мансийск қаласы), «Амур» (Хабаровск қаласы), сондай-ақ Словенияның ұлттық құрамасы қатысады.

Президент Кубогы екінші рет сарапқа салынып отыр. 2010 жылы бірінші турнирдің жеңімпазы әрі құрметті жүлденің иегері буллит бойынша финалда Минскінің «Динамо» командасын 2:1 есебімен жеңген «Барыс» ХК болды.

Кубокты «Нұр Отан» ХДП мен Шайбалы хоккей қазақстандық федерациясы ұйымдастырып отыр.