Шахмат бойынша пешка едім, уақыт өте король болдым - Асанәлі Әшімов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахмат бойынша пешка едім, уақыт өте король болдым - Асанәлі Әшімов

Шахмат бойынша пешка едім, уақыт өте король болдым - Асанәлі Әшімов

Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өлім мен өмір, дін туралы ой толғады.  

  • 26 Ақпан 2018
  • 274
Фото - Caravan.kz

Асанәлі Әшімов осы кезге дейін еш жерде жария болмаған құпияларын Аман Тасығанның  TALKLIKE бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Өлімнен қорықпаймын, мойынсұнам. Қорыққанмен бәрібір ойға келетін дүние. Жасым 80-де. Тағдырыма еш өкпем жоқ. Соғыс жылдарын да өткердік. Әкем де кетті өмірден. Қайғыға да, қуанышқа да төземіз. Келген жамандықты қарсы тұрып күтіп алып, шығарып салу керек. Біреулер көтере алмай ішіп кетеді, біреулер лепіріп көтере алмай қалады, ол дұрыс емес. Адам баласы пахмелге ілінбеу керек. 60 жастан бастап 80-ге дейін ішіп келем ішімдікті. Пахмелге ілікпедім. 

70 жыл атеист болдым. Бірден дінге беріліп кету қиын. Дінге ғылым ретінде қараймын. Міндетті түрде мешітке барып, намаз оқу керек деп ойламаймын. Жұмақ — осы өмір, тозақ — өлген күнің шығар. 


Өмірімде бір-ақ адамды кешірмеймін. Ол — кешіруге тұрмайтын, өсек айтатын адам және сатып кететін адам. Арамызды алшақ ұстаймын. 

Сатып алған атағым жоқ. Өмірде түрлі нәрсе болады. Сатып алатын бар, жатып алатындар бар. 32 жасымда бірінші рет атақ алдым. 42 жасымда соңғы атағымды алдым. 10 жылда 5 атақ алыппын", — деп сұхбат берді Асанәлі Әшімов. 

 

 

Соңғы жаңалықтар