Шахтада бір кенші көліктің астында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтада бір кенші көліктің астында қалып қойды

Шахтада бір кенші көліктің астында қалып қойды

Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойған.

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Ол оқыс оқиға салдарынан ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кісі өліміне алып келген бұл жазатайым оқиға 235-шахтадағы №1 штрект өндіріс орнында болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу органдары тексеру жұмыстарын жүргізіуде. Мысалы, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғандығын анықтауда. Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар