Шахтискідегі қайғылы оқиғаның себебі жылу жүйесі болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтискідегі қайғылы оқиғаның себебі жылу жүйесі болуы мүмкін

Шахтискідегі қайғылы оқиғаның себебі жылу жүйесі болуы мүмкін

Алдын ала болжам бойынша, Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлау себебі үйдің жертөлесінде орналасқан жылу қазандығының жарылуы болуы мүмкін.

  • 2 Қаңтар 2017
  • 646
Фото - Caravan.kz


"Алдын ала ақпарат бойынша, қираудың себебі жылыту қазандығының жарылысы болуы  мүмкін. Ол үйдің жертөлесінде орналасқан", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "қызу желі" операторы. 

Бірінші қаңтар күні сағат 22.40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелеріне Қарағанды облысы Шахтиниск қаласы Шахан ауылында көпқабатты үйдің бөлігі қирады деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тез арада төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен құралдары жіберілді. Үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қарағанды облысы Шахан ауылында қирау жөніндегі жедел штабта "қызу желі" телефоны іске қосылды – 8/72156/3-24-17. 10

Жалпы үйіндінің астынан қазіргі уақытта он адам шығарылды: олардың тоғызы қаза тапқан: үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылы. 
 

Соңғы жаңалықтар