Шалқарда ұл баланы зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шалқарда ұл баланы зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды

Шалқарда ұл баланы зорлаған педофил ұзақ мерзімге сотталды

Ақтөбеде жиенін төрт жыл бойы зорлап келген педофил сотталды. 48 жастағы Асылбек Қалиев оқушы баланың абыройын аяқасты еткені үшін енді 17 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс.

  • 8 Қараша 2014
  • 492
Фото - Caravan.kz

Педофил – Шалқар қаласының тұрғыны. Еш жерде жұмыс істемейді. 4 жыл бұрын жиенін ғаламтордан м-агент ашып беремін деп алдап, үйіне шақырып алып зорлайды. Кейін ауылға масқаралаймын деп қорқытып, оған ойына келгенін істеген. Тіпті, зират ішіне кіргізіп алып, жыныстық қатынасқа түскен. Жәбірленуші қазір колледжде оқиды. Жазғы демалысы кезінде нағашысы оны тағы да ұстап алып зорлаған. Нағашысының үркітіп-қорқытқанын бала телефонына жазып алып, ата-анасына төрт жыл бойы көрген қорлығын жайып салады. Прокурорлар азғынды 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал судья оған тағы бір жыл қосып үкім шығарды.


Гүлжан Әжіғалиева, судья:

Қалиев Асылбек Қуанышбайұлы Қазақстан республикасы Қылмыстық кодекісінің 121 бабының 4-ші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимде өтеу белгіленсін.