"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін": Мақсат Базарбаев тоқал алу туралы ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін": Мақсат Базарбаев тоқал алу туралы ойын айтты

"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін": Мақсат Базарбаев тоқал алу туралы ойын айтты

Мақсат Базарбаев екінші әйел алу туралы өз пікірін жеткізді. Айтуынша, ол әзірге тоқал алуға дайын емес. Әнші "бар ойым - төрт баламды жеткізу" деп ағынан жарылды. Десе де, Базарбаев екінші әйелді шамасы жеткендер алған дұрыс деген пікірде.

  • 26 Қараша 2021
  • 154
Фото - Caravan.kz


Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында осы мәселеге қатысты өз ойын ашық айтты.

Мақсат Базарбаевтың айтуынша, ол әзірге екінші әйел алуға дайын емес. Себебі, оның бар арманы балаларын жеткізіп, адам қатарына қосу.

"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін? Шамаң келсе — ал. Екеуіне бірдей қарау керек. Алыңдар деген, бірақ қайырлысы — бір әйел. Мен үшін Алла қосқан жарымнан туған балаларымды аяққа тұрғызсам, сол да жетеді деп ойлаймын, өз басым. Бәріне топырақ шашпаймын. Алам десе, әркімнің өз өмірі өздеріне. Бірақ адам бес жылдан кейін не болатынын білмейді ғой", — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар