Жарияланды: 390

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің Пекинде өтетін саммиті ұйым аясындағы ынтымақтастықты жаңаша сатыға көтермек

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 23-қыркүйекте Пекинде өтетін саммиті ұйым аясындағы ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды жаңаша сатыға көтереді,- дейді сарапшылар.

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше 6 мемлекет - Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкімет басшыларының бас қосуында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылып, бұлар Ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп күтілуде. Тәжікстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің алыс шетелдермен байланыс жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, саммит құжаттарында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жиынтықталып, көлік, энергетика, ауылшаруашылығы, тұрмыстық электротехника, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың басымдық берілетін бағыттары айқындалады. Үкімет басшыларының Пекин саммитінде Ұйымның жұмысшы органдарын құру және аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық секілді негізгі екі мәселе сарапқа салынады. Алты мемлекеттің үкімет басшылары Ұйым хатшылығы туралы тәртіп, Ұйымның 2004-жылғы бюджеті мен лаңкестікке қарсы күрес орталығы туралы тәртіпті бекітеді деп жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть