Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің Пекинде өтетін саммиті ұйым аясындағы ынтымақтастықты жаңаша сатыға көтермек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің Пекинде өтетін саммиті  ұйым аясындағы ынтымақтастықты жаңаша сатыға көтермек

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің Пекинде өтетін саммиті ұйым аясындағы ынтымақтастықты жаңаша сатыға көтермек

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 23-қыркүйекте Пекинде өтетін саммиті ұйым аясындағы ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды жаңаша сатыға көтереді,- дейді сарапшылар.

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 377
Фото - Caravan.kz

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше 6 мемлекет — Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкімет басшыларының бас қосуында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылып, бұлар Ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп күтілуде.

Тәжікстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің алыс шетелдермен байланыс жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, саммит құжаттарында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жиынтықталып, көлік, энергетика, ауылшаруашылығы, тұрмыстық электротехника, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың басымдық берілетін бағыттары айқындалады. Үкімет басшыларының Пекин саммитінде Ұйымның жұмысшы органдарын құру және аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық секілді негізгі екі мәселе сарапқа салынады. Алты мемлекеттің үкімет басшылары Ұйым хатшылығы туралы тәртіп, Ұйымның 2004-жылғы бюджеті мен лаңкестікке қарсы күрес орталығы туралы тәртіпті бекітеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар