Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер білім министрлерінің екінші кеңесі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер білім министрлерінің екінші кеңесі өтті

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер білім министрлерінің екінші кеңесі өтті

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кеше Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер білім министрлерінің екінші кеңесі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қазан 2008
  • 651
Фото - Caravan.kz

Кеңесте Қытай Халық Республикасының білім министрі Чжоу Цзи, Қырғыз Республикасының білім және ғылым министрі Ишенгүл Болжурова, Ресей Федерациясының білім және ғылым министрі Андрей Фурсенко және ШЫҰ бас хатшысы Болат Нұрғалиев баяндама жасады.

ШЫҰ-на мүше елдер білім беру ведомстволарының басшылары жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.

Ынтымақтастық елдері басшыларының кеңесі отырысында (Душанбе қаласы, 2008 жылғы 28 тамыз) білім саласындағы жан-жақты интеграциялық байланыстарды кезеңмен арттыруға қатысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Тараптар тұрақты түрде жұмыс істейтін сарапшылар тобы әзірлеген ұлттық білім беру жүйесінің жағдайы, оны дамыту және ынтымақтастық келешегі туралы баяндаманы қарап, қабылдады. Олар ШЫҰ мүше елдердің 2007-2008 жылдарға арналған білім беру саласындағы ынтымақтастықтық жөніндегі үкіметаралық келісімін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Тізімінің жақсы атқарылып жатқанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл ШЫҰ мүше елдер үшін жалпы стратегиялық міндеттерді шешуге игі ықпал етті.

2009-2010 жылдары іске қосу жоспарланып отырған ШЫҰ желілік Университетінің қызметі мен оны құру Тұжырымдамасы қабылданып, осы бағыттағы мақсаттар жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Онда аталмыш халықаралық ұйымға мүше елдердің жетекші ұлттық жоғары оқу орындарының әлеуеті біріктіріледі. Жоғары мектептің осындай материалдық, интеллектуалдық және басқа да ресурстарының шоғыры экономика мен ғылымның түрлі салаларына, сондай-ақ ШЫҰ ірі интеграциялық жобаларын жүзеге асыруға қажетті жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндік береді.

Мәжіліске қатысушылар 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Мәскеуде «Шекарасыз білім» ұранымен өткен ШЫҰ мүше елдер білім Апталығының нәтижесін жоғары бағалады. Оған ШЫҰ мүше елдермен қатар, ұйымға бақылау жасаушы — Үнді, Иран, Моңғолия және Пәкістан елдерінің өкілдері де қатысқан болатын. Мәскеулік апталық ШЫҰ елдері білім басқарудың мемлекеттік органдары және ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен алғашқы форум болды. Оған қатысушылар білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылап, білім беру жүйесін жаңғырту бойынша тәжірибемен алмасты, ШЫҰ бірыңғай білім кеңістігін құруға бағытталған ұсыныстар білдірді.

Мәжіліске қатысушылар Ресей тарапынан түскен 2009 жылы Мәскеуде ШЫҰ мүше елдерінің жетекші университеттер ректорларының бірінші Форумын өткізу жөніндегі ұсынысын бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі тұрақты сарапшылар тобының жұмысын жоғары бағалады.

ШЫҰ мүше елдер білім министрлерінің кезекті мәжілісі 2010 жылы Қырғызстан Республикасында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар